Өскемен
Қалың бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Ақтау
    +12°
  • Атырау
    +8°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
  • Шымкент
    +9°
$
493.36
-6.47
572.84
-8.66
¥
71.59
-0.88
6.29
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Глубокое ауданының тұрғындары ТЖ режімін жариялауды сұрауда

Предгорное және Черемшанка ауылдарында су басу қаупі сейілер емес

Предгорное ауылындағы арық суы жақын маңдағы үйлердің бай-бақшасына дейін жетіп отыр. Жергілікті билік су арнасын бұрғанымен, су енді басқа жақты басып жатқан көрінеді.

Шағын ғана арық енді Рабочая көшесіндегі үйлердің бақшасын шайып кеткен. Су жарты метрлік деңгейге дейін көтеріліп, бірнеше құдықты су басты. Осылайша ауыл тұрғындары ауыз сусыз қалды. Олар енді үйімізді де су баса ма деп қорқады.

- Бізге көмекке ауыр техника қажет. Бірақ бізді естір құлақ жоқ, - дейді "Устинки плюс"  газетіне хабарласқан ауыл тұрғындарының бірі. - Біз 112 желісіне хабарласып, бізге, ең құрығанда, трактор жіберулерін өтіндік. Бірақ еш нәтижесіз. Төрт үйдің бақшасын су басты. Енді су үйімізге дейін жетіп қала ма деп қорқудамыз.

Ал жергілікті әкімдіктегілер қорқуға еш негіз жоқтығын айтады. 

- Жағдай біздің бақылауымызда, - дейді Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Сергей Кимасов. - Иә, бірнеше бақшаны су басты. Бірақ үйлерге жетпеді. Оған ауыр техниканың қажеті бар деп ойламаймын. Өз күшіміз жетеді. 
Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Топит дома в Черемшанке и Глубоком ДЧС ВКО