Қытай Сирияға қаржылай көмек бермек
Қытай елшісі Ци Цяньцзинь хабарлағандай, Пекин билігі Башар Асад билігін қолдауға бөлінетін қаржыны көбейтпек
Қытай билігі соғыс көрген әрі одан аман қалған Сирияның алдағы дамуына қол ұшын бергісі келеді. Сол үшін Дамаскіге бөлінетін қаржылай көмектің көлемін ұлғайтпақ.
Бұл жайында Синьхуа агенттігі хабарлады.
- Сирияны қалпына келтіру мен оны дамытуға көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Меніңше, Қытай билігі бұл процеске белсене қатыса отырып, Сирия халқы мен үкіметіне көп қаржылай көмек жасайды, - дейді қытай елшісі Ци Цяньцзинь.
Қытай бұған дейін Сирияның денсаулық сақтау саласына қаржы бөлген болатын. Бұл қаржы Дамаск қаласында Әл-Мүбасат ауруханасына жедел жәрдем көліктерін сатып алуға жұмсалған.