Алматыда жер сілкінді
Сенбі күні түнде Алматы қаласынан 148 шақырым жерде магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі болды
Бұл жайында Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетіне қарасты сейсмологиялық экспедициясы хабарлады.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 148 шақарым қашықтықта, 10 шақырым тереңдікте жатыр.
МSК-64 шкаласы бойынша ешқандай қуаттылыққа ие емес.