Өскемен тұрғыны Үлбі металлургиялық зауытында апат болды дейді
Тұрғынның ойынша, апаттың кесірінен қалаға бұлыңғыр ауа тараған
Алайда Үлбі металлургиялық зауыт баспасөз қызметі цехте ешқандай апаттың болмағанын айтады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы да жағдайды түсіндіріп бермеді. Ал Өңірлік өндірістік-экологиялық мониторинг жүйесі бір ай бойы қаладағы ауа құрамына зерттеу жүргізбейді. Жүйе жыл сайын арнайы тексеруден өтіп отыратындықтан, ол Мәскеу қаласына жіберілген болатын. Ол енді ғана оралды. Ал мамандар ауаның өзін тұман басып тұрғандықтан, айнала бұлыңғыр көрініп тұр дегенді айтады.
- Аспанда бұлт аз, сондықтан қаланың белгілі бір бөлігі ғана тұмандатып тұр, - дейді Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының жетекші маманы Валентина Саватеева.