Ирандағы жер сілкінісінен 400 адам қаза тапты
Иранның шығысында, Иракпен шекарада, болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 400-ден асып кетті.
Жергілікті «Пресс-Тв» телеарнасы 407 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
Ал 6,7 мыңнан астам адам жарақат алған. Иран әскері зардап шеккен аймаққа 145 тікұшақ жіберіп, іздеу жұмыстарын жүргізуде.
Апаттан Иран елінің 8 қаласы қирап, 526 ауылы топырақ астында қалған.
Жер сілкінісі жексенбі күні орын алған болатын. Керманшах аймағынан басталған жер сілкінісі екі рет қайталанып, аумақтағы тұрғындарға зор шығын келтірді.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Землетрясение в Иране Землетрясения в мире 



