Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан мен Пәкістен әскерилері бірігіп лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізуде

Пәкістан Ислам Республикасының Пабби қаласында DOSTARYM-2017 тұңғыш халықаралық екіжақты терроризмге қарсы оқу-жаттығудың салтанатты ашылуы өтті. Оған Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасының Қарулы Күштері қатысуда.

ҚР Қорғаныс министрлігі www.mod.gov.kz сайты хабарлағандай, DOSTARYM-2017 екі апталық терроризмге қарсы оқу-жаттығудың мақсаты тәжірибе алмасу, далалық жағдайларда терроризмге қарсы дайындықты өткізу арқылы лаңкестікпен күресу жөнінде екі мемлекеттің әскери қызметшілерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру болып табылады.

Оқу-жаттығудың негізгі ниеті елді мекен жағдайында кепілге алынғандарды босату және қарулы қақтығыс аймақтарынан заңсыз әскери құралымдарды жою жөнінде екі ел бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрады. Ол: жеке дара дайындық, топтардың үйлесуі, бірлескен оқу-жаттығудың өткізілуі. Оқу-жаттығуға екі елдің 100-ден аса әскери қызметшісі, 70-ке тарта бірлік әскери және арнайы техника тартылды. ҚР Қарулы Күштері арнайы мақсаттағы бөлімшелермен ұсынылған.

Оқу-жаттығуды аша отырып, Пәкістан Ислам Республикасы 37-дивизияның командирі генерал-майор Саед Аамир Раза қатысушыларды пәкістандық жерде құшақ жая қарсы алып, екі ел арасында достастық қарым-қатынастың әрі қарай нығая түсетініне сенім білдірді. Бұл оқу-жаттығу тәжірибе алмасу үшін ғана емес, сонымен бірге, екі елдің мәдениетін түсіну үшін маңызды екенін атап өтті.

Келесі DOSTARYM-2019 халықаралық терроризмге қарсы оқу-жаттығуын Қазақстанның аумағында өткізу жоспарланып отырғанын айта кету қажет.

Следующая →