Жапонияда ыстықтан бір апта ішінде үш адам көз жұмды
Тағы да 4,3 мыңға жуық адам ауруханаға жеткізілген
Бұл жайында сейсенбі күні елдің Бас өрт сөндіру басқармасы хабарлап отыр.
Ауруханаға түскен адамдардың көпшілігі қарттар. Өткен аптада ыстықтан денсаулығы нашарлап ауруханаға түскен адамдардың 1,5 мыңға артық болатын. Жапонияның орталық аудандарында күн біршама бұлтты болғандықтан, осы аптадағы көрсеткіш төмендеген.
1 мамырдан бастап Жапонияда ыстықтан 42 адам көз жұмған. Жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың көшеге көп шықпауын өтініп отыр.
Өткен жылы Жапонияда ыстықтан 100-ден астам адам көз жұмған. Он мың адам ауруханаға түскен.