Шекерадағы оқиға: қазақстандық шекарашыларға қатысты тергеу амалдары жүргізілмек
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Қырғызстан шекарасында болған оқиғаға қатысты сот алды тергеу амалдарын бастады
- Оқиғаның анық-қанығын тексеру үшін қазақстандық жауынгерлерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 451-бабының 2-пунктісі, 1-тармағы бойынша (қаруды қолдана отырып, өз кұзіретін асыра сілтеу) сот алды тергеу амалдары басталды, - дейді елдің бас әскери прокуроры.
Сонымен қатар, Қылмыстық Кодекстің 380-бабы, 2-пунктісі бойынша шекераны заңсыз кесіп өткендерге қатысты тергеу амалдары да басталған. Қылмыстық іс Бас әскери прокурорының қарауында.
Айта кетейік, 12 тамыз күні кешкі сағат 20:00 әлдебіреулер Қырғыз-Қазақ шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған жерінен ұсталған болатын. Әскери қызметшілерді өмірі мен денсаулығын аман алып қалу үшін, жауынгерлердің басшысы жоғары қарата оқ атқан. Алайда бұған көнбей қарсылық көрсеткендерге қарата екі рет оқ атылған. Нәтижесінде, қарсылық көрсетуші бір адам жарақат алған. Ал қалғандары Қазақстан территориясындағы ауылдардың бірінде жасырынып қалған. Кейін жарақат алған адамның қайтыс болғаны белгілі болған.