Ключи жанартауы атқылауы мүмкін
Еуразия құрлығында ең биік жанартаулардың бірі Камчатка мүйісінде жатқан Ключи шоқысы атқылауы мүмкін. Күл теңіз деңгейінен 8 км жоғары көтеріліп жатыр.
- Кейінгі уақыттары Ключи жанартауы ауа жиі бу шығаратын болды. Жұма күні таңертең жанартау түтінінің биіктігі 8 шақырымды құрады, - деп хабарлайды Ресей Ғылым Академиясы өкілдері.
Жанартаудың белсенділігі соңғы уақыттары арта бастаған. Жанартау жиегіне жиналған күл мен бу оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырымға тарауда.
Жартау маңы аймақтарынан ешқандай төтенше жағдайлар жөнінде хабарлама түспеген. Туристік топтар да жіберілмеген.
Ключи шоқысы Еуразия құрлығындағы ең биік жанартау саналады. Оның биіктігі 4,85 мың км.
Следующая →
Тақырыптар:
Извержение вулкана на Камчатке