Жапонияда нөсер салдарынан қала халқы көшіріледі
Барлық қала тұрғыны, 74 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілмек, деп Kyodo агенттігі хабарлайды
Өңірде нөсерлі жаңбыр басылар емес. Ақпараттарда айтылғандай, Инуяма қаласында бір сағат ішінде 120 миллиметр жауын-шашын жауған. Мұндай мол жауын-шашын лай көшкін қаупін төндіреді.
Қауіпті су тасқыны мен жауын-шашын Жапонияның оңтүстігін қинауда. Апат аймағында жарты миллион адам қалған. Қаза тапқандар саны күннен-күнге артуда. Іздестіру-құтқару операцияларына әскерилер тартылды.