Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бес мектеп пайдалануға беріледі

Екі мектеп Семей қаласында салынса, қалғандары Риддер қаласында, Шемонаиха мен Аягөз аудандарында салынуда

Биыл Шығыс Қазақстан облысында бес мектеп пайдалануға беріледі. Екі мектеп Семей қаласында салынса, қалғандары Риддер қаласында, Шемонаиха мен Аягөз аудандарында салынуда.

Мектептен басқа 1 балабақша және 2 аурухана да ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

Пайдалануға берілетін мектептердің ішінде Риддер қаласынының Мичурин көшесінде орналасқан 280 балаға арналған мектеп ғимаратының жұмыстары 96%-ға орындалған. Яғни, мектеп осы жылдың шілде айында пайдалануға дайын болады.

Одан кейін, Семей қаласында 600 балаға арналған Бобровка кенті мен 1200 балаға арналған Ұшақтар ауданындағы мектептер ағымдағы жылдың соңына дейін дайын болмақ. Алғашқы мектептің құрылысы 1 млрд 200 млн теңгеге салынады әрі тамыз айында пайдалануға беріледі.

Шемонаиха ауданында 780 млн теңгеге 300 балаға арналған мектеп салынуда. Ал Аягөз қаласында 600 балаға арналған орта мектептің құрылысы 1 млрд теңгеден астам сомаға салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарының 54%-ы аяқталған. Сонымен қатар, Аягөз ауданында 600 балаға арналған тағы бір мектептің құрылысы басталған. Бұл мектеп 2018 жылы пайдалануға беріледі.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →