Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Аудан жолдары сенімді қолда

Жыл сайын қарының қалың түсуімен ерекшеленетін Көкпекті ауданының жолдары соңғы күндері қар құрсауында қалып, жұртты әбігерге салған

Жергілікті жерде қыс мезгіліндегі автомобиль жолдарының жай-күйі қалай, қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны жайында Көкпекті ауданының сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Мақсат Капчиков айтып берді.

- Көкпекті ауданының автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 868,7 шақырым, оның 470,7 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар аудандық әкімшіліктің қарамағында болып табылады. 2016 жылы аудан жолдарын ретке келтіру жұмыстарына 44 802502 теңге бөлініп, бұл қаражат жыл басы мен соңғы кезеңдеріне қарастырылған. Өткен жылы жергілікті жолдарға қызмет көрсету мақсатында біз, «бір жерден қаражат шығару» әдісімен «ДСУ-14» ЖШС-мен құны 14 141 131 теңге және«Көкпекті Жолдары» ЖШС-мен құны 15 858 869 теңгенің келісімшарттары жасалды, - дейді Мақсат Зарыпханұлы.

Бүгінгі таңда жолдарды қардан тазарту жұмыстары уақытылы әрі сапалы жүргізілген. Осы істе жергілікті билік тың әдіс қолданған.

- Биылғы жылы «бір жерден қаржыландыру» әдісі бойынша, қосымша сатып алулар арқылы қажетті техникасы бар жергілікті шаруашылықтар мен серіктестіктерді тарту біздің жұмысымыздағы жаңалық деуге болады, - дейді бөлім басшысы. - Осындай шешімге келудің өзіндік бірқатар себептері бар. Кейбір жолдардың, мәселен, Преображенка-Мелитополь аудандық маңыздағы күре жолын ДСУ-14 ЖШС техникасы тазалау керек болды. Алайда, 1-18 қаңтар аралығында арақашықтықтың алыстығынан жол дер кезінде тазаланбай, көлік жүретін бөліктері тарылып, қар үйінділері жиналып қалды. Ауа райының бірде жылынып, бірде аяз болуынан, қар нығыздалып, мұзға айналуына әкеліп соқты. Осы жағдайлардың барлығы аудандық маңызы бар жолдардың уақытында тазаланбай, көлік қозғалысына кедергі келтіруіне себеп болды.

Енді, міне, аудандағы 11 шаруашылықпен қосымша келісімшартқа отырудың нәтижесінде қызмет көрсетілетін учаскелерге техника бекерге жібермейтін болған. Өйткені, барлық техникалар сол жергілікті жерден шығатындықтан бұл жұмыс бір жүйеге келтірілді. Бұның өзі шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге септігін тигізуде. Сонымен қоса, келісімге отырған қызмет ұсынушылардың ұсынған қызметтері коммерциялық жағынан төмен бағалануын салыстыра отырып таңдалды. Соның арқасында 5 миллион теңге үнемделген.

- Шарушылықтардың құзырына жолдарға қызмет көрсету жұмыстарына қар үйінділерінен арылту, көлік жүретіндей етіп жолды кеңейту, жол жиектерін үйілген қар мен мұздардан тазалау сынды міндеттер кіреді. Еңбекақысы орындалған жұмыстарды растайтын құжат арқылы төленеді. Осы орайда, Қойтас, Қараөткел ауылдарына апаратын учаскелердегі, «Преображенка–Шұғылбай-Мелитополь» автокөлік жолдарын тазалап жүрген Теректі ауылынан «Тоқтарбаев» ЖК, Биғаш бағытындағы, Ұзынбұлақ пен Шәріптоғайға кіре беріс жолдарды тазартуды бастаған «Макаров А.В.» ЖК жұмыстарын ерекше атауға болады.


Екатерина СКУДАРНОВА

Следующая →