Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны Жарма ауданының әкімдігімен 30 млн теңге көлеміндегі меморандумға қол қойды

Жарма ауданының әкімдігі 2016 жылдың қорытындысы бойынша Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнын «Индустриалдық-инновациялық даму және әлеуметтік әріптестік» номинациясы бойынша үздік деп таныды. Осы күні аудан әкімі Нұрлан Сыдықов және БКӨК бас директоры Юрий Овчинников 30 миллион теңге көлеміндегі 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

- Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны сияқты компаниялардың арқасында біздің ауданымыз одан әрі гүлденіп дамып келеді, - деп атап өтті Нұрлан Сыдықов, халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде. – Соңғы жылы аудан экономикасына отыз миллиард теңгеге жуық инвестиция салынды. Бұл әлеуметтік салаға да әсерін тигізбей қоймады. Нәтижесінде осыдан сегіз жыл бұрын әкімдердің облыстық рейтінгісінің тізімі бойынша соңғы орынға жақын тұрған аудан ендігі жерде көшбастаушы позицияға шықты. Осындай керемет жетістіктеріміз үшін біздің кәсіпкерлерімізге алғыс білдіреміз.

Бұл құжатта келтірілген іс-шаралардың негізгі идеясы – кәсіпорынға жақын маңда орналасқан Әуезов кенті және Шалабай ауылдарындағы тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту болып табылады. Мысалы, БКӨК есебінен қыста қардан тазалау, ал жазда Әуезов кентінің орталық көшелеріне су себу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан өзге алтын өндірушілер Шалабай және Солнечное ауылдары бағытындағы жолға екі автобус аялдамасын салады, Әуезов кентіндегі дәрігерлік амбулаторияның екінші қабатын жөндеуден өткізеді, сондай-ақ Әуезов кентіндегі және Шалабай ауылындағы емханаларға қымбат медициналық жабдықтар сатып әпереді. Сондай-ақ Әуезов кенті әкімдігіндегі мәжіліс залын ретке келтіру, кентте өткізілетін іс-шараларды қаржыландыру, Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылында республикалық айтыс өткізу, ақын және жазушы Қалихан Алтынбаевқа ескерткіш орнату сияқты ауқымды жобалары жүзеге асырылады. Дәстүр бойынша ағымдағы жылы мектеп бітіретін түлектерге төрт тегін оқу грантын бөледі.

- Әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпорын ретінде біз жақын маңдағы елді мекендердің әлеуметтік жағдайына үлкен көңіл бөлеміз. Осы мақсатта жыл сайын аудан әкімдігімен Әуезов кентінің және Шалабай ауылының жергілікті инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін меморандумға қол қойылады. Барлық жобалар жергілікті тұрғындардың ұсыныстарын есепке ала отыра жасалады, - деп атап өтті Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының бас директоры Юрий Овчинников.

Жыл соңына қарай БКӨК-те 622 адам жұмыс істейтін болады, ал кен фабрикасының құрылысының іске қосылумен байланысты 2018 жылы кәсіпорын персоналының саны 779 адамға жетеді. Жалпы алғанда бірінші кезеңде «Қызыл» жобасының дамуына және тау-кен күрделі құрылыс жұмыстарына 391 млн доллар инвестиция салу жоспарланып отыр.

Следующая →