Зика безгегін жұқтырған ресейлік әйел ауруханаға жатқызылды
Роспотребнадзордың баспасөз қызметі Ресейде Зика безгегі анықталғанын әйел ауруханаға жатқызылғанын хабарлады
Фото:
gazeta.ru
«Қазіргі уақытта әйел инфекциялық стационар боксінде жатыр. Дәрігерлер әйелдің отбасы мүшелерін бақылауда», - деді Роспотребнадзор.
Мекеменің ақпараты бойынша ауруды жұқтырған әйел Доминикан мемлекетінде демалған. Мәскеуге оралған кезінде ауру өзінің симптномдарын білдірмеген. Дегенмен екі-үш күннің ішінде науқастың хәлі нашарлап, ыстығы көтеріліп, денесі бөрте бастаған.
«Отандық тест жүйесімен жасалған зертханалық зерттеулер нәтижесі науқастың биологиялық сұйықтықтығында Зика безгектері анықталғанын көрсетті», - деді Роспотребнадзор.
Отбасы мүшелерінде ауру анықталған жоқ және тексерулер Зика вирусына теріс нәтиже көрсетіп отыр.
Санитарлы қызмет мамандары елге шетелден оралғаннан кейінгі екі-үш аптада ысық көтеріліп, дене бөлітсе, конъюнктивит пайда болып, дене бұлшықеттері ауырып, шаршаңғы жағдайды сезінсеңіз, жедел түрде дәрігерге қаралу керектігін айтуда.
Роспотребнадзор демалыс орындарын таңдаған кезде эпидемиологилық жағдайы тұрақты елдерді таңдауды ұсынады.
Ресми ақпараттар бойынша Бразилияның 18 штатында Зика безгегінің жарты миллион жағдайы тіркеліп отыр. Сонымен қатар індет Оңтүстік Америка, Тынық мұхиты өңірінде тіркелсе, АҚШ-пен Еуропада бірнеше жағдай ғана тіркеліп отыр.