Өскеменде бір адам өрттен зардап шекті
Өрт сөндірушілер жеке секторда орналасқан үйдің өртін екі сағаттан артық сөндірді
Фото:
svetlik.net
Кеше таңғы сағат алты шамасында Өскемен қаласының Ползунов көшесінде орналасқан жеке үй өртенді. Үйдің тұрғындары өрттің басталғанын ерте көріп, құтқарушыларды шақырады.
От ас бөлмесін, дәлізді және шатырды жалмап үлгереді. Өрт көлемі 80 шаршы метрді құрайды. Тілсіз жауды сағат тоғыз шамасында өшіреді.
- Мамандар өрттің шығуын үш себеппен байланыстырып отыр: отты дұрыс пайдаланбау, пешті дұрыс жақпау және электр құрылғыларын қолдану кезде қауіпсіздік техникасын сақтамау, - деді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.
Өрттен 42 жасар үйдің иесі зардап шекті. Отқа күйіп қалған қолдары екінші дәрежелі күйік алады. Алғашқы медициналық көмектен көрсетілгеннен кейін, азамат ауруханаға барудан бас тартады.