Бразилия түрмесіндегі тәртіпсіздік соңы 15 адамның өмірін қиды
Бразилияның түрмесінде орын алған жаппай төбелес кезінде 15 адам көз жұмды
Амазонас Манаусе штатының астанасындағы жазасын өтеушілер жаппай жанжал шығарған, деп хабарлайды РОСБАЛТ. Қауіпсіздік қызметкерлері сотталғандарды тыныштандырып, жағдайды өз бақылауына алды. Төбелес нәтижесінде 15 адам қаза болды. Ал осы сәтті пайдаланып, түрмеден қашқандар туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін осындай жағдай бұл түрмеде орын алған. 2017 жылы сотталғандар арасындағы төбелес кезінде 60 адам көз жұмып, қашқандар болған.
Қазіргі таңда Бразилияда 730 мыңнан астам адам тұтқында. Бұл түрмелердегі орын санынан екі есеге көп. Сондықтан да осындай жағдайлар жиі орын алып тұрады.