Қостанайда бала терезеден құлап кетті
2017 жылы туған қыз бала Қостанай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, биіктіктен құлау салдарынан жарақат алу жағдайларының артқанына алаңдаулы, деп жазады "Қазақпарат" ХАА сайты. Осы маңызды жағдайға көпшіліктің назарын аудару мақсатында "Қауіпсіз балалық" акциясы жарияланды.
Ал кезекті оқыс жағдай 26 мамыр күні 13.00-де орын алып, бір жарым жастағы қыз бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Сәбиді жедел жәрдем Қостанай қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізіп, ол қазіргі таңда сонда жатыр. Бала жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр.