Петропавлдағы өрт салдарынан саяжай ауылының үлкен алаңы жанып кетті
Петропавлдағы "Ракета" саяжай кооперативінде құрғақ шөптің жануына байланысты өрт шықты
Өрт 24 мамыр күні күндіз орын алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Өртті сөндіруге жедел түрде 2 өрт сөндіру бөлімшесі жіберілді. Өртті жою қиын жағдайларда болды, өйткені желдің жылдамдығы секундына 25-28 метрді құрады.
Өрт сөндіруге "СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ, сондай-ақ Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімінің өрт сөндіру командасы, "Қызылжар су" ЖШС және "Өрт Сөндіруші"АҚФ тартылды. Бірлескен күшпен өрт ауыздықталды.
Өрт бірнеше сағат бойы сөндірілді. Жанып кеткен қурап қалған алаң 1500 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ 7 саяжай үйі жанып кетті. Өрттің себебі анықталуда, алдын ала болжам бойынша өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан пайда болды. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.