Колумбияның мұнай құбырында жарылыс болды
Канадалық компанияның мұнай құбырына қару асынған қарақшылар жарылғыш зат орнатып кеткен
Жарылыстың кесірінен құбыр жарылып, мұнай жерге төгілді.
- Gran Tierra Energy компаниясының мұнай құбырына қарақшылық шабуыл жасалды. Қазір теракт ұйымдастырғандарды іздеу шаралары жасалуда. Жарылыстың кесірінен шыққан өрт ауыздықталды, - дейді Колумбия әскерінің генералы Цезарь Аугусто Парра.
Колумбияның солшыл күштері мұнай инфрақұрылымдарына жиі шабуыл жасап, саяси көзқарасын көрсетуге тырысады. Ал олардың кейбірі 2016 жылы Колумбия үкіметімен бейбіт келісімшартқа да отырған. Соған қарамастан, кейбір партизан күштері әлі де бейбіт келісімге бағынбай отыр.