"Союз" экипажы Байқоңырға жетті
Байқоңыр әуежайына ұшақпен жеткен ғарышкерлерді дәрігерлер мен олардың жанұя мүшелері күтіп алды
"Интерфакс" тілшісі хабарлағандай, "Роскосмостың" арнайы борты "Крайний" әуежайына қонды.
Ұшақ бортында "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин, ғарышкер Алексей Овчинин және NASA астронавты Ник Хейг бар.
Халықаралық экспедиция "Союз МС-10" ресейлік басқарылатын кемесімен Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына бейсенбі күні аттанған болатын.
Алайда, апат ұшу кезіңінің 119 минуттында, тасымалдаушы зымыранның бірінші сатылы қаптал бөліктерінің екінші сатылы орталық бөліктерден бөліну кезінде орын алған. Содан кейін апаттық дабыл іске қосылған және кеме бөліктерге бөлініп, парашют шығарылған. Экипаж зардап шеккен жоқ. "Союз" кемесінің жерге қонушы аппараты кеме ішінде болған ғарышкерлер және астронавттармен Қазақстанға қонды.
"Союз" ғарыш кемесінің бөліну аппараты кемедегі ғарышкерлер және астронавтармен Жезқазған қаласының маңына қонды.