Буров көшесіндегі үй тұрғындары таңғаларлық жайт жасады
Өскемен тұрғындарын шошытқан сиыр етінің тілідері балабақшаның жанынан табылған
Қаланың ішінде "бұл қара магия және сектанттардың шалған құрбандықтары" деген әңгіме бірден өрби бастаған.
Кеше кешке ата-аналар балаларын балабақшадан асығып алып келе жатқанда күтпеген оқиға болды. Сиыр еттері көше бойында бірнеше жерден шегеленген және көрнекі орынға қойылған. Көрініс шынымен-ақ жағымсыз әсер тудырады.
- Жатқан тілді көргенде шошып ыршып секірдім,- дейді Марина. - Менің 3 жасар қызым, тіпті, шошынғаннан дауыстап жылап, оны әрең тыныштандырдым. Түнде де ұйқысы дұрыс болмады. Адамдардың есі кеткен ғой деймін!
Ғаламтордан біз бұл "зұлымдық тілі" әдет-ғұрыпын қарап шықтық. Белгілі болғандай, мұндай "әрекеттер" адам туралы өсек айтуды тоқтату қажет болғанда жасалыныпты. Дегенмен, жаңа бастаған сиқыршылар, қара сиқыршылар мұндай әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айтарлықтай айыппұлмен жазаланатынын ұмытпауы керек. Біз азаматтардың өтінішімен Өскемен қаласыІІД-нің баспасөз қызметіне жүгіндік. Полиция бұл оқиғаны анықтауға уәде берді.