Қарақұрт шаққан екі адамды құтқарды
Маңғыстау облысында екі адамды қарақұрт шағып алған. Алайда дәрігерлер екеуін де аман алып қалды
Қазіргі таңда олар Маңғыстау облыстық ауруханасының токсикологиялық бөлімінде жатыр. Жағдайлары қалыпты.
Жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып Zakon.kz хабарлағандай, 16 тамыз күні жедел жәрдем тобы ес-түссіз жатқан жасөспірімді ауруханаға жеткізген. Екінші зардап шеккен адам Приморски кентінен өзі келген. Оларға заманауи медициналық көмек көрсетіліп, аман қалды.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Паук каракурт Укусы ядовитых пауков Ядовитые пауки в Казахстане