Мал ұрылары қолға түсті
Аймақтық тәртіп сақшылары мал ұрыларының соңынан түсті
ШҚО-да 22 тамыздан бастап "Мал ұрлығы" алдын алу шаралары бастау алып, 24 тамызға дейін жалғасады
Мал мен ет өнімдерін тасымалдауды бақылау үшін акцияға 49 мобильді топ жұмылдырылды. Одан өзге тағы 40 топ базарлар мен ет сататын орындарда тексеру жүргізетін болады.
Бір күннің ішінде тоғыз қылмыстық іс ашылды. Мәселен, Тарбағатай ауданында екі ер адам екі сиырды айдап әкеткен. Жалпы құны жарты миллион теңгеге бағаланды.
Тағы 23 жастағы екі азамат Өскемен қаласында ірі қара ұрлығымен айналысып келген. Олар жайылымнан жалпы құны бір миллион теңге болатын төрт сиырды ұрлаған.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, мал ұрлығымен айналысқан азаматтардың үстінен ҚР ҚК "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Акция аяқталғанымен де аймақта мал ұрлығымен күрес жұмыстары жалғаса бермек.