Францияда ланкес тұрғындарды кепілдікте ұстаған
Францияның Треб қаласында өзін ИГИЛ-дің жақтаушысы деп жариялап, супермаркетке шабуыл жасаған лаңкес өлтірілді
Қылмыс жұма күні Треб кентінде орналасқан супермаркетте болған . Оқиға орнына француз жандармериясының ланкестікке қарсы бөлімшесі келіп, ауданды қоршауға алды. Француз телеарналары оқиға орнында "екі адам қаза тауып, екеуі жарақат алды" деп хабарлады.
Қалалық әкімшілік басшысының айтуы бойынша, тұрғындарды кепілдікке ұстаған қылмыскер өлтірілді.