Қарағандыдағы шаштараз баланың құлағын кесіп ала жаздады
Баланың ата-анасы шаш алушының, тіпті, кешірім де сұрамағанын айтып отыр
Қарағандыда шаштаразға шаш алуға келген баланың өмірі қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Шаштаразшы төрт жастағы баланың шашын алып жатып, байқамай құлақ тұсындағы тамырларын қайшымен кесіп жіберген. Баланың анасы жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланы аурухана алып кеткен.
Зардап шегушінің анасы шаштараздың балаға қажетті ем-домның барлығын өз мойынына алатындығын жеткізген. Ал шаш алушы жұмыскер баладан кешірім де сұрамаған.