Шешек асуындағы жол апатының анық-қанығы белгілі болды
Тергеу амалдары үш айға созылды. Сот КамАЗ жүргізушісін айыпты деп таныды
КамАз жүргізушісі бұған дейін де сотты болған Самар ауылының тұрғыны болып шықты. Самар ауылынан Өскемен қаласына қарай жүк тасып апара жатқан жүргізуші көліктің габаритін есепке алмай жолдың ортасына шығып кеткен. Соның кесірінен қарама-қарсы келе жатқан «Лада Калина» көлігімен соқтығысқан.
Ал таксидің ішінде бес адам отырған. Оның ішінде екі жас жігіт пен Самсоновка ауылындағы ата-аналарына бара жатқан жас жанұя болған. Жанұя мен көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Екі жігіт қана аман қалған.
№2 Өскемен қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, КамАЗ жүргізушісі бес жыл бас бостандығынан айырылған.