Талдықорғандық оқушы өз өзіне қол салды
Мамандар мұндай қатерлі қадамның сырын ашуға тырысуда
Абай атындағы орта мектепте оқитын қыз бала 24 қаңтар күні сағат 20-21 шамасында өз өзіне қол салған, деп хабарлайды Bnews.kz. Оқиға қыздың өз бөлмесінде болған. Қазір мұндай қадамға не түрткі болғаны белгісіз – таныстары мен мұғалімдердің айтуынша, қыз бала сабағын ұқыпты оқып, өзін тәрбиелі ұстаған.
Криминалистер қайтыс болушы туралы деректер жинап жүрсе, психологтар мен педагогтар барлық мектептер мен колледждерде алдын алу кеңестерін өткізуде.
Следующая →