Сырқаттық парақша алған оқушылар тоқсандық өзіндік жұмыс жасай ма?
Мектептерге жаңадан енгізілген мазмұндар күтпеген жаңалықтарға толы
Редакцияға Өскемен қаласының тұрғыны хабарласып, баласы мен оның сыныптастарына өзіндік жұмыстар жазғызып жүргенін айтқан.
- Қызым бірінші сыныпта оқиды. Сынып жетекшісі «ауырып жатсаңдар да тоқсандық өзіндік жұмыс жазу үшін мектепке келу керек, себебі мұғалімдерде балалардың аттестациясын жабатын мерзім бекітілген» деп айтқан, - дейді қала тұрғыны. - Егер бала келмесе оның ағымдағы баллына сүйене отырып бағаланатынын айтқан.
ШҚО Білім басқармасы бұл жаңалықты жоққа шығарды.
- Егер оқушы белгілі себептермен сабаққа екі апта келмесе, бала келген соң сомативті бағалаудан өтеді, - дейді мекеме басшысының міндетін атқарушы Айгүл Байжанова.
Бас педагогтың айтуынша, оқушы тоқсандық өзіндік жұмысты жазбаса, аттестацияланбайды.
Следующая →