Екі жасөспірім мектепте мұғалімді пышақтаған
Оқиға салдарынан оннан аса адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген
Қайғылы оқиға 15 қаңтар күні Пермьде орын алған, деп хабарлайды РИА Новости. Таңертең сағат 10.00-де Лев Биджаков және Александр Буслидзе есімді екі жасөспірім мектепке кірген. Алғашқы оқушы 9-сыныптан кейін мектептен кетсе, ал екіншісі оқуын жалғастырып жатқан болатын. Күзетшінің жанынан өткеннен кейін олар сабақ өтіп жатқан сыныпқа кірген. Кейін пышақтарын алып, мұғалімге шабуыл жасаған. Бірнеше 4-сынып оқушылары оларға кедергі жасамақ болып, салдарынан өздері де жарақат алған. Қалған оқушылар кабинеттен қашып шығуды жөн көрген.
Биджаков жайлы оқушылар да, мұғалімдер де жағымсыз пікір білдіруде. Ол – сабағын нашар оқып екінші жылға оқуға қалған әрі есірткі тұтынып, Психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Буслидзе туралы оң пікірлер айтылды. Ол – сабағын жақсы оқитын әрі тыныш бала.
Екі жасөспірімнің бұндай қылмысқа баруына не себеп болғандығы әлі белгісіз.