Ресейде екі оқушыны құтқаруға ит көмектескен
Он бір жастағы екі бала орман жаққа ойнауға барып, адасып кеткен
Ал бесінші сынып оқитын балалардың үйге қайтып оралмағанына уайымдаған ата-аналар 4 қаңтар күні полицияға барып шағымданған. Полиция дереу арада іздеу тобын құрып, балаларды құтқаруға шыққан.
Іздеуге 100 полиция қызметкері мен кинолог мамандар, 30 техника мен атты казактар, еріктілер қатысқан.
Ал балалар 6 қаңтар күні табылды. Балалардың аяқ табандары үсіп қалған. Дәрігерлер олардың жағдайы орташа ауыр деп отыр.
Балалардың айтуынша, олардың аман қалуына ит көмектескен. Ол екеуін өз бауырына алып бір тәулік бойы жылытып жатқан.