Сауд Арабиясында коммуналды қызмет ақысын төлеуден бас тартқан сұлтан қамауға алынды
Король әулеті коммуналды қызмет ақысын төлеуден бас тартып, наразылық ұйымдастырған
Бұған дейін король әулетінің мүшелері коммуналды қызмет ақысын өздері төлемеген еді, оны ел үкіметі төлеп отырған. Ал жақында үкімет мұндай төлемдерді өтеуден бас тартып, оны әулет мүшелерінің өзіне жүктеп қойған еді.
Ал король әулеті үкіметтің бұл шешімімен келіспей, наразылық жасады.
Он бір сұлтан тұтқындалып, Әл-Қайыр түрмесіне апарып қамалды. Ал мұнда лаңкестік ұйым құрған қылмыскерлер де қамалған.