Американдық әйелінің қайтыс болғанын бір ай бойы байқамаған
Анасы ұзақ уақыт байланысқа шықпаған соң, жұптың қызы шындықтың бетін ашқан
60 жастағы Чикаго тұрғыны Стивен Сейлер әйелінің көптен бері бөлмеден шықпай жүргенін байқаса да, мән бермеген, деп хабарлайды Росбалт сайты. Тіпті есіктен келіп тұрған біртүрлі иіс те, бөлмеге кіруге себеп болмаған.
Стивен Сейлердің үйіне келген полиция қызының сұрауымен 58 жастағы Тамара Уилсонның мәйітін тапқан. Әйелдің денесі жалаңаш, тек брезент матамен жабылған.
Сейлер бір ай бұрын көз жұмған әйелінің өлімі туралы бейхабар болғанын мәлімдеді. Бірақ полиция оның өтірік айтып тұрғанына күдіктеніп, қамауға алды. Ер адамды тінту барысында әйелінің куәлігі, туу туралы куәлігі және неке жүзігі анықталған. Ер адам үйқамаққа алынды.
Следующая →