Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда зағип жанның үстіне бағана құлап кетті

Алматыда зағип әйелдің үстіне жарық бағанасы құлап, омыртқасы сынды. Бұл туралы оның қызы Дина Нарбаева әлеуметтік желі арқылы мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды www.tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, оқиға Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы сауда орталығының көлік тұрағында болған. Қыздың айтуынша, оның анасы зағиптық бойыншы бірінші топтағы мүгедек.

- Ауыр халде шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізіп, МРТ-ға түсірген. Кеудесінен соққы алған, бас сүйегінің жарақаты мен омыртқасының компрессиялық сынығы (7 омыртқасы) бар. Омыртқаға операция қажет, - деп жазыпты қыз.

"Interfood" компаниясының Жылжымайтын мүлікпен жұмыс департаментінің директоры Майра Әбішева әйелдің еміне жұмсалатын шығынды ұйым өтейтінін айтады.

- Әйел адам қыз баламен келе жатқан. Қыз бағананы тепкен. Бағана қисайып, қарсы келе жатқан әйелді жанап өтеді. 17 жыл бұрын орнатылған, құлаған жоқ, қисайып қалды. Барлық қызметкерді шақырттық, жауаптыларды жазаладық. Басқа бағаналарды тексеріп, бекіттік. Ал қисайған бағананы түзеп, мықтырақ орнаттық, - деп түсіндірді Әбішева.



Следующая →