Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Балабақшаның жылыту жүйесі істен шыққан. Ал қала билігі болса, оны жазда жөндейміз деп отыр
Қаладағы №1 балабақшаның ғимараты суық, дейді alau.kz. Мұндай мекемелерде ауа температурасы 22 градусқа жетуі тиіс. Ал мұнда +15 градусқа әрең жетіп тұр.
- Суық. Кеше қызымды балабақшадан алып қайтайын деп барсам, қолы қатты тоңып кеткен. Басында қолын суық суға жуған шығар десем, қызым балабақшада тоңып кеткенін айтты, - дейді Светлана Лавренова.
Ал ата-аналардың көбі балаларын балабақшаға жібермей отыр. Өйткені ауырып қалуы мүмкін.
Білім бөлімі балабақшаның жылыту маусымына дайын екендігі жайында техникалық акт алған. Ал тексеріс кезінде жылыту батареяларының мүлдем суық екендігі анықталған. Өкінішке орай, радиаторларды тек жазда ғана жөндеуге болады.