"Казахавтодор" филиалының басшысы 17 млн теңге пара алғаны үшін ұсталды
Қарағандылық "Казахавтодор" филиалының басшысы мен оның орынбасары пара алды деген күдікпен тұтқындалды
Ұлттық коррупцияға қарсы бюроның сайты хабарлағандай, «Ақжол ДС» ЖШС өкілдері М. Ыбышева мен Б. Жакпаровадан 17 миллион теңге сомасында пара алған қарағандылық "Казахавтодор" филиалының басшысы Г. Муканов пен оның орынбасары Е. Отаров қолға түсті.
Мекеме хабарлағандай, пара Қызылорда-Қарағанды-Павлодар автожолының жөндеу жұмыстары бойынша атқарылған актілерге қол қойдыру үшін берілген.
Күдіктілер сот санкциясынан кейін қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Следующая →