Өскемен
ясно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
-0.52
476.78
-4.27
¥
61.89
-0.07
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада жаппай төбелес орын алды - зардап шеккендер жоқ

Астанада құрылыс жұмыстары жүріп жатқан «Абу-Даби Плаза» кешеcінің төңірегінде орын алған қақтығыс нәтижесінде 41 қазақстандық мас күйінде қамауға алынды

Шетелдік жұмысшылардың күзетшілермен болған төбелесінде ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ІІМ.

41 жеке тұлғаларды тексеру және шара қабылдау аясында полицияға жеткізілді. Олар полиция бөлімшелеріне мас күйінде жеткізілді, сондықтан лайықты шаралар қолданылады. Барлығы Қазақстан азаматтары, - дейді Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин.

А. Лукиннің айтуынша, ұстау барысында полиция қызметкерлері заңбұзушылық жасаған жоқ. Жағдай бақылауда.

- Айта кеткім келеді, «Абу-Даби Плазадағы» қақтығыста қаза тапқандар, зардап шеккендер жоқ, 2 адам жеңіл жарақат алған, - дейді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Қайшылық мәресіне жетті, болған оқиға салдары анықталуда.

Астаналық ІІД басшысы Амантай Әубәкіров хабарлағандай, ауруханаға жеткізілгендер жоқ.

Зардап шеккендер арасында полицияға арыз бергендер бар. Олар екі Үндістан тұрғындары, - дейді А. Әубәкіров.

Оның айтуынша, ұсталғандар Қазақстан азаматтары. Олар көше тәртібін бұзушылар.

- Оларды біз көшеден ұстадық, біздің азаматтар. Ұсталғандардың арасында шетелдіктер жоқ, - дейді ол.

А. Садубаевтың айтуынша, Үндістан жұмысшылары мен күзетшілердің арасындағы қайшылық 20.35 шамасында орын алған.

- Кішігірім қақтығыс орын алды. Күзетші мас күйіндегі Үндістан жұмысшысын құрылыс нысанына кіргізуден бас тартты. Кейін жұмысшы өз отандастарын шақырып, күзетшіні соққыға жыққан. Жергілікті жұмысшылар күзетшіні қорғаштаған сәтте 30 адамның қатысуымен орын алған төбелеске ұласты, - дейді ол.

А. Садубаев, жағдайдың шешілгенін және полиция бақылауында екенін жеткізді.

 

Следующая →