Шахтинск қаласында метанның шығуына байланысты шахтада үш адам қаза тапты
Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының «Қазақстандық» шахтасында бейсенбі күні метан бөлінді
Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
- Бүгін таңғы 4.00 шамасында Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі «Қазақстандық» шахтасында күтпеген жерден метан бөлінді. Қазіргі ақпараттар бойынша шахта қызметкерлері үш адамның мәйітін анықтаған, - деді ол.
Алдын ала деректер бойынша, шахтада 136 адам болған. Мұнымен қоса апаттық учаскеде 4 адам болған.
Оқиға орнында Инвестиция және даму министрлігінің Индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің кәсіби әскерилендірілген аппаттық-құтқарушылар мамандары жұмыс істеуде.