Римдегі келімсектерді шығару соңы полициямен қақтығысқа ұласты
Эритреядан келген 100 шақты келісмек римдік тәртіп сақшыларына бөтелке, тас лақтырып, газ баллонымен атқан
24 тамыз күні Римде келімсектер мен полиция арасында қақтығыс туды. Полиция қызметкерлері келімсектерді Тәуелсіздік даңғылында орналасқан жатақханадан шығармақ болғанда олар тәртіп сақшыларына тас атқан. нәтижесінде екі адам тұтқындалды.
"Шектеусіз дәрігерлер" ұйымы зардап шеккендер саны - 13 екенін жеткізді.
Ansa агенттігінің мәліметтері бойынша, жатақханада соңғы жылдары шамамен 400-дей келімсектер тұрған. Рим үкіметі өкілдері келімсектерге солшыл белсенділер кері әсер етіп, қалалық әкімшіліктен басқа жаққа көшіру туралы ұсыныстарды қабылдамауға үгіттеген.
Мигранттар 2013 жылдың қазанында орталық алаңдағы кеңсе ғимараттарын жаппай басып алған.Екі жылдан кейін сот оны босату туралы қаулы шығарған. сондықтан да өткен демалыстан бастап үкімет келімсектерді көшіруді бастаған.
Следующая →