Исландияда көлік әуежай терминалына соғылды
Рейкъявикке жақын маңдағы Кефлавик әуежайындағы қону терминалына көлік кіріп кеткен, деп хабарлайды Iceland Monitor
Көлікті ұрлап кеткен жүргізуші полиция қызметінен қашамын деп халықаралық Кеблавик әуежайын зақымдаған. Ол Исландия астанасы Рейкьявиктен 50 шақырымда орналасқан.
Тәртіп сақшылары 20 жасар жігітті не үшін қуғаны әзірге белгісіз. Ол полиция қызметіне берілген сыңай танытып, қолын көтерген. Тәртіп сақшысы жанына жақын келгенде оны жұдіріқпен соғып, қашып кеткен.
Жол бойында өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, жүргізуші әйелді түсіріп тастап, көлікті ала қашқан. Алайда көлік тізгініне ие бола алмай, әуежай ғимаратына соғылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Следующая →