Семейлік азамат екі итті ұрып-соққан
Қала тұрғындарының айтуынша, ер адам бір итті терезеден лақтырып жіберсе, ал екінші ит терезеден өзі секірген
Новостройка маңайында қыдырып жүрген жасөспірімдер Уральский көшесіндегі 3-үйдің жанында қорқып жатқан, жарақаттанған иттерді анықтаған.
Балалар дер кезінде еріктілерге хабар берген. Жасөспірімдер оқиға орнына келген жануарларды қорғаушыларға иттерді терезеден ер адам лақтырғанын пайымдаған.
- Олар алдымен өздері қорқып, иттер терезеден өздері құлап кетті деп өтірік айтты, - деді «4 Лапы» ҚҚ еріктілері. - Содан кейін иттерді бір ер адамның ұрып-соққандығын мойындады. Тіптен, ол ер азаматтың өзінің питбультерьер тұқымды иті бар екендігін де айтты.
Балалардың пайымдауынша, ер адам «шақырылмаған қонақтарды» далаға қуу үшін алдымен оларды таяқпен ұрған. Ол іске аспағаннан кейін бір итті терезеден лақтырып жіберген. Содан кейін екінші ит терезеден өзі секіріп кеткен.
Нәтижесінде, еріктінің айтуынша, бір иттің алдыңғы аяғы сынып қалған және ол көптеген жарақат алған. Ал екінші иттің миы шайқалып, ол да көптеген жарақат алған.
- Біз бірден полиция шақырдық. Мен арыз жаздым, - дейді Анна Чурикова. - Пәтерлерді аралап кінәлі азаматты табу үшін тым кеш болып кетті. Әзірге полициядан ешкім хабарласпады. Иттер панаға жеткізілді. Себебі ол уақытта ветклиникалар жабылып қалған болатын.
Следующая →