Иерусалимдегі тәртіпсіздік барысында 100-ден аса адам зардап шекті
Ғибадатхана тауына кіре берісте тексеру ұйымдастырған Израиль билігіне қарсылық екі аптадан соң өрши түсті
- Иерусалимдегі Қызыл жарты ай қызметкерлері 124 пациентке көмек көрсетті. Олардың көбі резеңке оқтар мен газдан зардап шекті, - дейді ұйым өкілі Ираб аль-Фукаха.
Полицияның хабарлауынша, Ғибадатхана тауындағы адамдардың бірі лақтырған тас еврейлер құрметтейтін Жылау қабырғасына тиіп кеткеннен кейін қайшылық басталған.
- Полиция күші қарсыласушыларды кешен орнынан сыртқа алып шығып, арнайы техникалармен оларды таратып жіберді, - дейді Израиль құқыққорғау органдары.
Олардың ақпаратынша, Көз жасы қабырғасында ешкім зардап шекпеген. Қақтығыс кезінде басына тас тиген полиция жараланған.
Тәртіпсіздікке қарамастан, Ғибадатхана тауына кешкі намазға мыңдаған адам қайтадан жиналған.