АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы өз орнын босатуға ниетті
Тиллерсон Трамппен келіспеушілік салдарынан мерзімінен бұрын мемлекеттік хатшысы қызметін босатуы мүмкін
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон өзінің қызметін 2017 жылдың соңына дейін босатуы мүмкін, - деп CNN хабарлайды.
Тиллерсенге жақын ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып телеарна мемлекеттік хатшының АҚШ президенті Дональд Трамппен көптеген келіспеушіліктер туындағанын айтуда.
Тилллерсеннің таныстарының айтуынша, оған президенттің Әділет министрлігінің басшысы Джефф Сешнске айтқан сыны ұнамаған.