Жүк вагондары жанып кетті
Сейсенбі күні Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе станциясында кесілген ағаштар тиелген үш бірдей вагон өртеніп кеткен
Өрт сөндірушілерге жалынды толық сөндіру үшін басқа вагондардағы жүктерді де толықтай түсіріп, тұтанған ағаштарды сөндіруге тура келген.
- Өрт сөндіру қызметі жеткенше темір жол қызметкерлері өзге вагондарды қауіпсіз қашықтыққа жылжытқан, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Оларға темір жол қызметкерлері де көмекке келіп, өрт сөндіру вагондарын шақыртқан. Зардап шеккендер жоқ.
Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарау себеп болуы мүмкін. Оқиғаға кінәлілер мен шығын сомасы анықталу үстінде.
Автор: Назерке Кәрімова