Сүңгуірлер суға батқан ер адамды іздестіруде
Алдын ала болжамдарға сәйкес, суға батқан 39 жасар азамат суға түсер алдында ішімдік ішкен
Қайғылы оқиға өткен жексенбі күні Зырян ауданындағы Малеевск ауылында орын алған. 1964 жылғы ер адам Бұқтырма өзенінің жағасына достарымен демалуға барған және суға түсер алдында алкогольдік ішімдік ішкен.
- Жағадан 100 метрге ғана қашықтап, суға батып кеткен, - деп хабарлайды ШӨАЖҚЖ бас құтқарушысы Анатолий Рожков. - Ер адамның денесі әлі табылған жоқ, іздеу жұмыстары жалғасуда.
Құтқарушылар өмірге қауіпті болғандықтан шығысқазақстандықтарға мас күйінде суға түспеуді ескертеді.