Семейлік тұрғын іс-түссіз жоғалып кетті
Қала тұрғыны Сергей Дунаевты туысқандары, полиция мен еріктілер іздестіруде және ол есін жоғалтып алуы мүмкін деген болжам бар
Семейде 14 маусым күні белгісіз себептермен жоғалып кеткен 41 жасар Сергей Дунаев іздестірілуде
Анықталғандай, жоғалатын күні ер азамат Восточный ауылындағы 10-шы желіде тұратын ұлына қонаққа барған. Ол жерден күндіз саған 4 шамасында шығып, жоғалып кеткен. 41 жасар Сергей Дунаевтың туысқандары полицияға арыз берген. Ер адамды іздеуге еріктілер қосылды.
Жоғалған адамның ұялы телефоны анасында қалған, - дейді "RINA.KZ Семей" еріктілер тобының жетекшісі Евгения Павел. - Сергейдің анасының айтуынша, осыған дейін ол үйінен кетпеген, себебі оның болжамынша ер адам есін жоғалтып алуы мүмкін. Соңғы рет оны 72-ші махалла өңірінде тұрғылықты мекені жоқ адамдардың ортасынан көрген.
Жоғалған күні Серге Дунаев ақшыл-сұр көйлек, көк джинсы, қоңыр туфлимен жүрген. Ерекше белгілері: сол қолында айдаһар бейнесіндегі татуировкасы, оң құлағының артында отадан қалған тыртығы бар. Іс-түссіз жоғалған еркектің жанұясы мен еріктілер кез-келген ақпараттар бойынша келесі телефонға хабарласуды сұрайды: 8-747-349-57-17, 8-747-132-87-08 немесе 102
Следующая →