ШҚО-да республикалық маңызы бар жолдар үш жыл ішінде жөнделіп бітеді
Нәтижесінде біздің өңір «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізіне қосылатын болады
Алматы өңірінен облыс орталығына дейінгі шекарадағы Алматы – Өскемен тас жолы жөнделеді. Сол сияқты Омск – Қапшағай жолы Қалбатау ауылынан Қытай шекарасына дейінгі аралық жөндеуден өтеді.
Бірінші бағыт бойынша 500 шақырым жол қабаты төселеді. Екінші учаскедегі қайта жөндеу жұмыстары 454 шақырымды қамтиды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш жобаға қытайлық ЭксИмБанк қаржы бөледі.
Алматы, Астанамен қосылып, Батыс Қытай, Батыс Қазақстан, Батыс Еуропа бағытында дамуды жалғастырамыз, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Осылайша, ҚР Президентінің халықаралық көлік дәлізін құру тапсырмасын жүзеге асырамыз.
Айта кету керек, аталмыш жоба бірнеше міндеттің шешіміне айналады. Ол Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропаны біріктіріп, аталмы тас жол бойындағы шекаралардың дамуына үлес қосса, сол сияқты транспорттық логистиканы жетілдіретін болады.
Следующая →
Тақырыптар:
Ремонт дорог в ВКО Транзитный коридор "Западная Европа-Западный Китай" Даниал Ахметов Акимат ВКО