Ақтөбе тұрғындары қызды алып қашпақ болғандарға кедергі жасады
Ақтөбенің тұрғыны үйлену үшін қызды алып қашпақ болған екі жігіттің қолынан «олжаны» тартып алған
Орталық базарға келген жігіттер қызды еркінен тыс көлікке отырғызбақ болған. Оқиға кеше кешкі сағат 6 шамасында орын алған. Көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар қызды құтқарып, полицияға хабарласқан.
Ұсталғандар Хромтау қаласынан келген 21 жасар жігіттер болып шыққан. Олардың бірі алып қашпақ болған қызға үйленгісі келген.
Оның үстіне 20 жасар қыз жігіттердің бірде бірін танымаған. Ал жігіттердің бұл қызды білген-білмегені әлі белгісіз.
Қыз тұрмысқа шығуға келіспеген. «Адам ұрлау» дерегі бойынша қылмыстық іс басталды.
Следующая →

Тақырыптар:
Похищение невесты в Казахстане Похищение людей в Казахстане Правоохранительные органы Казахстана