Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан ғалымдары ҚР Президенті туралы 5 монография дайындады

«Ұлы даланың рухани мұрасы: қазіргі заманның тарихы» халықаралық ғылыми конференциясы барысында ҚР Тұңғыш Президенті қызметі мен мемлекеттіліктің қалыптасуындағы рөлін жүйелік зерттеуге бағытталған «Тарих толқынында» салалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ғалымдар 5 монография дайындады

«Жалпы,  5 монография әзірленді, біріншіден, ол президенттің  мемлекет  қалыптасуындағы рөлі. 10 жыл  бойы ғалымдар  аталмыш монографиялар бойынша  жұмыс істеп жатыр. Президенттің әр түрлі саладағы  рөлі, оның қалыптасуы мен қоғамдық оқиғалардағы үлесі айқын. Бұл кітап бойынша  мемлекеттік тарих институтының ғалымдары ғана емес, Астана мен Алматы, Қазақстанның өзге өңірлерінің ғалымдары  жұмыс істеді», - деді  тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,  Білім және ғылым министрлігі   мемлекеттік тарих институты директорының орынбасары Амангелді Қашқымбаев.

Монография  5 кітап бойынша таныстырылды:

1) Қазақстан Президентінің  қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі;

2)Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев және Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты  (1991-2013 жж.);

3) Қазақстанның Тұңғыш Президенті  мен елдің зияткерлік  әлеуетінің қалыптасуы;

4)  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  қазақстандықтардың тарихи санасының қалыпасуындағы рөлі;

5) Президент Нұрсұлтан Назарбаев  және ҚР мемлекеттік  геральдика.

Айта кетейік, «Ұлы даланың рухани мұрасы: қазіргі заманның тарихы»  халықаралық ғылыми конференциясы  барысында Қазақстан ғалымдары  Қазақстан тарихы бойынша электронды нұсқада дайындалған   екі кітапті таныстырды. 

Следующая →