Шығыс Қазақстандағы бір шаруа қожалығы өртеніп кетті
Шығыс Қазақстандағы аудандардың бірінде шаруа қожалығында өрт болып, қожалық құрылысы түгелдей жанып кетті
Бесқарағай ауданында шаруа қожалығы өртеніп кетті. Өрт қасақана қойылуы мүмкін. Желдің жылдамдығы өрттің өршуіне әкелген.
Шаруа қожалығы өртке оранып, оның ұшқыны көршілердің қорасына да түскен. Өрт сөндірушілер дер кезінде келіп, өрттің алдын ала алды.
Ауданның екі бірдей бөлімі өртті ауыздықтады. Өрттің шығуының екі себебі айтылып отыр: оның бірі қасақана қойылған өрт болса, екіншісі қауіпсіздік шараларын қолданбау.
Тақырыптар:
Пожары в ВКО