Қарағанды облысында пойыз-аттракцион баланы басып кетті
Сәтпаев қаласында екі жасар бала анасының жанынан жүгіріп кетіп, қозғалыс үстіндегі пойыз-аттракционның астына түсті
Қарағанды облысының Сәтпаев қаласындағы Мәдениет сарайының алдында анасы баласымен қыдырып жүрді. Бала анасының қолынан сытылып шығып, жұмыс істеп тұрғын аттракционға жүгіріп, дөңгелегінің астына түскен, деп хабарлайды Tengri News сайты.
Балам бір жас, тоғыз айда. Өте белсенді. Қуанышымызға орай барлығы жақсы. Бірнеше жерінен тырналып қалған. Шошып кеткен болар, біз де қатты шошып кеттік, - дейді баланың анасы.
Оқиғадан кейін зардап шеккен баланың анасымен аттракцион иесі кездесіп, қоршау орнатуға уәде берді
Следующая →